Бүкіләлемдік Балалар күніне арналған Психологиялық қолдау апталығы аясында Қарасу ауданы білім бөлімінің «Целинная жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған «Шыңға жету жолы — кейіпкермен сұхбат» атты диалог алаңы өткізілді.
Шәкірттер мектепіміздің түлегі — Бутила А. Ю.-мен кездесті. Ашық әңгіме форматында оқушылар нақты қиындықтар, мамандық таңдау, маңызды шешімдер мен жеке жетістіктер туралы тыңдады.
Іс-шараның мақсаттары:
- 9–11 сынып оқушыларына жеке жауапкершіліктің маңызын және дамуға деген ұмтылыстың құндылығын көрсету;
- табысты түлектің үлгісі арқылы мақсатқа жету өзін-өзі сендіруден және еңбектенуге дайындықтан басталатынын түсіндіру;
- жасөспірімдерді болашақ мамандық пен өмірлік жолды таңдау кезеңінде қолдау;
- тұрақты мотивация қалыптастыруға, мақсат қою және қиындықтарды жеңе білу дағдыларын дамытуға ықпал ету.