Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Кіру
AA+

«Қамқор» жобасы аясында Қарасу ауданы білім бөлімінің «Целинная жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары құстарға арналған жемсауыттар мен ұялар (скворечник) жасау бойынша экологиялық акцияға қатысты.

 Оқушылар қолда бар материалдарды пайдалана отырып, өз қолдарымен суық кезеңде құстарды қолдауға арналған жемсауыттар мен ұялар жасады. Акция барысында мектеп оқушылары қыста құстардың азық табуы неге қиын болатынын, біздің өңірде қандай құс түрлері мекендейтінін және жемсауыттарды қалай дұрыс күту керектігін білді.

 Дайын бұйымдар мектеп аумағында және оның маңайында орналастырылды. Бұл акция оқушылардың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.