КММ «Целинная жалпы білім беретін мектебінде» ЦППР бағдарламасын іске асыру аясында 5–9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған
«Ақпараттан ақ пен қараны ажырату өнері. Бала интернетте: алтын ортаны қалай табуға болады»
тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ цифрлық ортада жауапты мінез-құлықты қалыптастырудағы отбасы мен мектептің рөлі қарастырылды.