«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы «Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде 19 қаңтар күні Қарасу ауданы білім бөлімінің КММ «Целинная жалпы білім беретін мектебінде» сынып жетекшілері «Заң саласындағы мамандықтар» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі және заңды сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімет алды. Сынып сағаттары оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етті.